Теміртауда мектептерге жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарланды
Алмас Абылай
Фото Ашық дереккөзден
Теміртауда мектептерге жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама бүкіл полицияны аяғынан тік тұрғызды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Теміртау ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мектептерге жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпаратты белгісіз біреу полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары ғимараттарды тексере келе, ешқандай қауіптің жоқ екенін анықтады. Қазіргі таңда күдікті іздестіріліп жатыр.
“Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдіктіні анықтау бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде”,- деп хабарлады Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.