Теміртауда пәтерлердің бірінен бала мәйіті табылды
Uaqyt.info
Фото
Теміртаудағы пәтерлердің бірінен кәмелет жасына толмаған баланың мәйіті табылды деп хабарлайды Уақыт. кз.
Ішкі істер министрлігінің telegram-арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, адам өлімі 23 наурыз күні тіркелген.
Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол баланың анасымен бірге тұратын 24 жастағы ер адам екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды, - делінген полиция ақпаратында.
Сондай-ақ, полицияда күдіктіге қатысты іздеу жарияланғаны және оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынғаны хабарланды.