Saturday, 27 April,2024

Теміртаудағы жарылыс: үйінді астынан шыққан әйелдің жағдайы ауыр

Uaqyt.info
Фото

Теміртаудағы екі қабатты ғимаратта газ жарылып, соның салдарынан екі адам үйінді астында қалған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Үйінді астында қалған әйел адам сыртқа шығарылды. Зардап шеккен әйел қазіргі таңда ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда.

Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Ахметжанов Ақылбектің айтуынша, тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Құтқару жұмыстарына кинологтар да тартылған.

"Біздің құтқарушылар үйінді астынан бір адамды алып шықты. Ол қазір Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр. Әйелдің айтуынша, үйінда астында ер адам болу мүмкін. Біздің құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Іздестіру жұмыстарына кинологтар да қосылды", - деді Ахметжанов Ақылбек.

Ұсынылатын