Thursday, 14 November,2024

Теміртаудағы жарылыс: үйінді астында қалған адам іздестіріліп жатыр

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Теміртауда екіқабатты дүкенде газ жарылып, ғимарат өртке оранды. Үйінді астынан әйел адам шығарылды, тағы бір адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ТЖД хабарлауынша, жарылыс 15 ақпанда сағат 08.06 шамасында Теміртау қаласындағы 2 қабатты дүкенде болған.

Жарылыстың қатты болғаны соншалық, ғимарат қирап, өртке оранды. Қазіргі уақытта оқиға орнында зерттеу және барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Үйінді астында қалған дамның әзірге не өлі не тірі екені белгісіз. Құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Ұсынылатын