Thursday, 14 November,2024

Теміржол бойынан жас жігіттің мәйіті табылды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ақмола облысында теміржол бойынан жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

19 жастағы студенттің денесі Бурабай курорты – Жамантұз учаскесінде табылған. Спутниктің жазуынша қазір қылмыстық кодекстің "Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан темiржол көлiгi жүрісі немесе оны пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу" бабы бойынша тергеу басталған.   

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Көлік полицейлері тұрғындарды теміржолда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Ұсынылатын