"Теңіме шықпадым". Мәдина Сәдуақасова тұрмысқа шыққан сәтін еске алды
Uaqyt.info
Фото
Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова күйеуі Олжас Смағұловтан 6 жасқа үлкен. Олар осыдан 10 жыл бұрын шаңырақ көтерген болатын. Мерейлі датаға орай әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“2 ақпан, 2014 жылы мен тез қартайып кеттім. “Жас баланың басын айналдырғыш” деген атаққа ие болдым. Өйткені, өзімнің теңіме шықпадым. Сол кезде өзім туралы өмірімде бірінші рет ең көп жаман сөздер естідім. 10 жыл өтті. “Қандай жарасымды жұп”, “Енді тойға неге Олжаспен бармайды”, “Неге күйеуін инстаға салмайды” деген сөздерді әлі естіп келеміз. Уақыт-ай! Тез-ақ өтіп кетеді екен ғой?!. Құтты болсын,10 жылдық!”, – деп жазды әнші.