Saturday, 23 November,2024

“Тежегішке қоюды ұмытқан”. 6 адамды басып кеткен автобусқа қатысты тың дерек шықты

Uaqyt.info
Фото otyrar.kz

Шымкентте 6 адамды қағып кеткен автобустың жүргізушісі көлікті қол тежегішке қоюды ұмытып кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы otyrar.kz жазды. Автопарк пен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдерінің айтуынша, автобус техникалық жағынан дұрыс болған. Бірақ жүргізуші жұмысын аяқтаған соң, қоғамдық көлікті тежегішке қоюды ұмытып кеткен. Соның салдарынан автобус төменге қарай құлдилап, алты адамды қағып кетеді.

Қайғылы оқиғадан 5 адам көз жұмса, тағы бір адам түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр. Айта кетейік, енді қаладағы барлық автобус парктерінің жүргізушілері  қайта аттестациядан өтетін болды.

Ұсынылатын