Friday, 22 November,2024

«TikTok» арқылы құмар ойын ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды

Алмас Абылай
Фото pixabay

Алматыда «TikTok» әлеуметтік желісі арқылы құмар ойын ұйымдастырған екі адам 1,5 жылға сотталды. Олар төрт  айдың ішінде 13 миллион теңге тапқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ондағылардың айтуынша, Алматы қаласының екі тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Тергеу барысында олардың төрт айдың ішінде қомақты қаржы тапқаны белгілі болды.

“Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот заңсыз ойын бизнесі саласында аса ірі көлемде кіріс алу арқылы осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған 4 тұлғаға қатысты істі қаралуда”, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын