Тіл білмейтін шенеуніктер қызметін босатады: Жаңа заң күшіне енді
Қырғызстандар мемлекеттік қызметте і тейтін шенеуніктерге қырғыз тілін білу және сөйлеу міндеттелді. Президент Садыр Жапаров жаңа заңға қол қойған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қырғызстанның мемлекеттік тіл жөніндегі ұлттық комитет басшысы Қаныбек Осмоналиев тіл мәселесіне байланысты мәлімдеме жасады. Ол “қырғыз тілін білмейтін шенеуніктердің тіл үйренуге жеткілікті уақыты болды, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге жылдар бойы талпыныс жасалып келеді” деді брифинг барысында.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын ғана Садыр Жапаров мемлекеттік қызметкерлерді қырғыз тілінде сөйлеуге міндеттейтін заңға қол қойған еді.
"Қырғыз тілін үйренуге 3-4 жыл уақыттары болды. Шын қалаған адам алты айда қырғызша сөйлеп кетер еді. Берілген уақыт бітті. Енді қырғыз тілін білмейтін шенеуніктер қызметінен босатылады", — деді Қаныбек Осмоналиев.
Енді барлық мемлекеттік және жекеменшік теле/радиоарналардағы бағдарламалардың 60 пайызы қырғыз тілінде болуы керек. Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер қырғыз тілінде еркін сөйлеуі тиіс. Бұл талап шенеуніктер, депутаттар, орталық банк өкілдері, құқық қорғау қызметкерлері, судьялар, прокурорлар, адвокаттар мен нотариустарға жүреді.