Saturday, 23 November,2024

Тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі психологиялық орталыққа күштеп жатқызылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Бұл туралы қоғам бесендісі Абзал Достияр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Павлодарда қазақ тілі жанашыры Руза апайды психдиспансерге қамап қоюы, шектен шыққан масқаралық жағдай.  Бұл Тоқаев билігінің қазақ тілге жаның ашыса орның жындыхана деген сөзі. Қазіргі уақытта қоғамдық орнында,  немесе белгілі бір мекемеде қазақ тілін талап етсең, сен билік тарапынан хайп қуалаған, бүлікшілсің, үңгірдегі ұлтшылсың. Бірақ халық арасынан қазақ тілін талап ететін тіл жанашырларының жан-айқайында шындық бар, шынайылық бар.

 Тіл жанашыры болып рөл ойнайтындар депутаттар. Олар қазақ тілі мәселесі халықтың ең жанды жері екенін жақсы біледі,  сондықтан тіл жанашыры кейпіне еніп, халық алдында абыройлы болғысы келеді. Депутат мырзалар кино ойнағанды қойыңдар, халыққа ол қойылымдарың яғни министр,  әкім-қараларға қазақ тілін талап етіп, кіжінулерің өтпейді. Ол киноны Шерхан Мұртазада, Мұхтар Шахановта, Бекболат Тілеуханда ойнаған уақытысында. Енді қазір Қазыбек Иса, Ринат Заитов сықылдылар ойнап отыр. Қазақ тілінің мәртебесі сендердің орыс тілді шенеуніктерге шүйлікккендеріңмен шешілмейді. Қазақ тілінің мәселесі шешіліп, мәртебесі көтерілу үшін бір ғана заң керек. Қазақ тілін білмеген адам мемлекеттік жұмысқа қабылданбауы жайлы заңды бекіту керек. Оны әрине сендер жақсы білесіңдер, бірақ биліктің қас-қабағына қарап отырған сендер ондай заң жобасын ұсынуға қорқасыңдар. Өткен жылы осы заң Қырғызстанда күшіне енді.

 Ал сендер депутаттық қызметке кіріскелі бір жылдың жүзі болды, өтірік көлгірсіп,  малталарыңды езіп отырсыңдар. Бір заң жобасы ұсынылған жоқ,  айтқандай ұсынылды электронды темекіге қарсы жабылып жүріп тиым салып, оны жарыса жамырап жазған екенсіңдер ғой)).

 Депутат мырзалар керемет қазақ тіліне жандарың ашыса,  Руза апайға араша түсіңдер. Ол кісіге жан-жақты қысымның тоқтатылуын талап етіңдер. Руза апайды жындыханаға қамап, өздерің тіл жанашыры кейпіндегі клоун болып отырғандарың өте ұят жағдай”, - деп жазды Абзал Достияр.

Ұсынылатын