Тимур Құлыбаев Kazenergy төрағасы қызметінен кетті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев Kazenergy қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Uaqyt.info Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Kazenergy мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мирзағалиев сайланды.
"Тиісті шешім 8 желтоқсанда Алматыда өткен Kazenergy кеңесінің жеке отырысында қабылданды", - делінген хабарламада.
Kazenergy қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылғы 2 қарашада құрылды.
Тимур Құлыбаев 2005 жылдың қарашасынан бері Kazenergy Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының төрағасы қызметін атқарды.