Тимур Құлыбаевтың компаниясына ірі көлемде айыппұл салынды
Атырау облысында Тимур Құлыбаевтың компаниясына 1,7 миллиард теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. Онда Joint Technologies ЖШС-нен "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС үлесінің 50 пайызын сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны туралы айтылған.
"Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС сот қаулысы бойынша, ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 миллиард теңгеге 50 пайыз үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын", - делінген хабарламада.