Saturday, 23 November,2024

“Төбесі бүтін автобус алсаңдар қайтеді?” Қала тұрғындары Досаевқа ашулы

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматы тұрғындары қала әкімі Ерболат Досаевқа наразы. Олар төбесі шұрық-тесік автобустан зәрезап болғандарын жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Барахолкадан қайтқанда қатты жауын жауды.  Бекеттегі адамдар тоқтаған автобустарға отырды. Өзім де осы автобусқа кіре салғам.Даладағы жаңбыр бір бөлек, ал енді қызықтың бәрі автобустың ішінде басталды. Шатырынан су сорғалап аққанда, далада үстім су болғаны аздай, басымнан бастап төбемнен су құйылды. Ойбуй, не боп қалды, деп өзім түсінбей, шошып кеттім. Қарасам автобустың жартысы солай суы сорғалап тұр. Киімім малмандай су болды. Отыратын орындықтар, басқа адамдар да су. Мына кісілер қолшатырларын ашып осылай отырды.

Алматы әкімдігі қайда қарап отыр? Ұят жоқ сендерде!

Бастарыңда откат пен шапка... Шатыры бүтін, су ақпайтын автобус алсаңдар қайтеді? Біз жаурадық. Күзде тіпті суық болады. Далада жаңбыр жауса, автобуста төбемізден су ағады”, - деп жазды қала тұрғыны әлеуметтік желіде.

Ұсынылатын