Sunday, 24 November,2024

Тоғжан Қожалы: “Қазақстанда көп әйел алу мәселесі эпидемияға айналып барады”

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Парламент мәжілісінің қоғамдық палатасында белсенді Тоғжан Қожалы көп әйел алу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы  Тоғжан Қожалы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасынжда жазды.

Қазақстанда көп әйел алу мәселесі эпидемияға айналып барады. Маған осы мәселе төңірегінде өте көп сұрақтар келеді. Заңды тұрғыда рұқсат беріңіздер немесе тыйым салыңыздар. Екеуінің біреуі. Біз бұл мәселе нүкте қоюымыз қажет. Неке мен отбасылық институттарды заңды түрде қорғауымыз керек. Көршілес мемлекеттерге қарасаңыз, Қырғызстанда 2016 жылдан бері көп әйел алушыларды 2 жылға бас бостандығынан айыратын заң бар. Тәжікстанда да ресми түрде тыйым салынған. Өзбекстанда жақында ғана, 30 қыркүйек күні Сенат көп әйел алуға тыйым салатын заң жобасын қабылдады, – деп жазды белсенді.

 

Ұсынылатын