"Той жасап не керек". 63 жасында ұзатылған әйелді жұрт қатты сынға алды
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Интернетте 63 жасқа келіп, ұзату тойын дүркіретіп өткізген әйелді жұрт қызу талқыға алды. Тіпті бұны сынап жатқандар да көп, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан біраз жасқа келген әйелдің қуаныштан күлімдеп жүргенін байқайсыз. Ал айналасындағы өзге кемпірлер мен келіншектер оны құттықтап жүр.
"63 жасқа келіп ұзатылып жатыр", - делінген бейнежазбаға.
Дей тұрғанымен бұл қуанышты тойға сан түрлі пікір жазылуда. Бірі сынға алса,енді өзгелері құттықтау лебіздерін қалдырыпты.
"Рахат ,тұрмысқа шыға салып зейнетақы алады". "Осы сәтті қанша күтті ғой. Жаным апамыз бақытты болсын". "Барып бала туып, мол елдің ұрпағын көбейтетін жастан өтіп, пайғамбар жасына келгенде ұят екен". "Бұндай жаста елді шулатпай-ақ кетуге болады ғой". "Ерсі көрінеді екен кемпір болғанда ұзатылғаны", - деген ойларын жазуда желідегі жұрт.