Sunday, 24 November,2024

Тойда шешесінің аяғынан сүйген қыз көпті тіксінтті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ғаламторда пайда болған видео желіде қызу талқыланып жатыр. Онда ұзатылып бара жатқанқыздың тізерлеп отырып, анасының аяғынан сүйгенін көруге болады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Этнограф Болат Бопайұлы көпті тіксінткен видеоға қатысты пікір білдірді.

"Салт-дәстүр ойнайтын нәрсе емес. Мұндай салт-дәстүрді кезінде ақсақалдар, қариялар, билер, сұлтандар тоғыз дүре соғып, тоғыз-тоғыздан мал қойып, айыппұл төлетіп тоқтатқан. Қазақ дәстүрінің ғасырлар бойы бұзылмай жетуінің, асыл дәстүр, ата дәстүр деген тағылымдардың барлығы жақсылыққа құрылған. Аяқ сүю деген дәстүр мүлде болмаған. Ол қорлыққа жатады. Қызын қорлағанға жатады. Сондықтан бұл, негізінен тапқыш, айтқыш, қызықшыл тамадаларға ойын үшін шығарып жүргені. Мұндай ойындарға тыйым салу керек", - деді этнограф КТК арнасы берген сұхбатында.

 

 

Ұсынылатын