Тойдағы төбелес: Қостанайда той үстінде қонақтар бір-бірімен пышақтасты
Қостанайда үйлену той кезінде қонақтар төбелесі шығарып, бір-бірімен пышақтасты. Полицейлер шу шығарған алты тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, той үстінде қонақтар бір-бірімен ерегісіп, арты жанжалға ұласқан. Төбелес кезінде 56 жастағы ер адам 27 жастағы жігітті пышақтап тастады.
Алған жарақаттан ол ауруханаға жеткізілген. Қазір аталған дерек бойынша амалдары жүргізіліп жатыр.
"Полиция дереу ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша екі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті тергеп-тексеруге бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы Қостанай облысы ІІД басшылығымен бақылауға алынды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.