- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- «Тойға шықпайтын әншілерді аяймын». Әбдіжаппар Әлқожа айлыққа қараған әріптестерін сынға алды
«Тойға шықпайтын әншілерді аяймын». Әбдіжаппар Әлқожа айлыққа қараған әріптестерін сынға алды
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа тойға шықпай топта ән айтатын, жеке шығармашылықпен сахнадан ғана көрінетін әншілерді сынға алды деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оның әншілер жайлы айтқан бейнежазбасы әлеуметтік парақшасында жарияланды. Видеода ол өзін «той әншісі, халтурщик дейтіндер айта берсін, маған ұнайды» деп отыр. Әрі сол арқылы нәпақасын тауып жүргеніне де тоқталды.
«Той әншісі, халтурщик” дейді. Маған онысы ұнайды. Керісінше, тойға шықпайтын әншілерді аяймын. Топта ән айтып жүрген кейбір әншілердің 150 мың теңге айлық алатынын естідім. Әнші болсаң елдің ортасында жүр, бес жүз адамға қызмет жаса. Шетелде оқып, соған еліктейтін, бірақ тойға шығуға арланатын жігіттер бар. Мен арланбаймын, тойдың арқасында үйлі болып, барлық жағдайымды жасап отырмын. Басқалар айтса айта берсін», - дейді әнші.
Әншінің бұл ойын талқыға алған жұрт көп. Бірі өте дұрыс айтылды дегенді жазса, енді өзгелері тойда фонаграммамен ән айтуды доғарыңдар деген ұсынысын алға тартқан.