Saturday, 23 November,2024

“Төлебаевтағы Центральный” – ғажайыптар мекені

Uaqyt.info
Фото

SABA GROUP KZ компаниясы Алматыдағы Мұқан Төлебаев көшесінің бойында орналасқан “Төлебаевтағы Центральный” клубтық үйіндегі пәтерлердің барлығы сатылып кеткенін мәлімдеді. Компания өкілдерінің айтуынша, қаланың ең жайлы ауданында орналасқан нысанда қазір соңғы 5-ақ пәтер қалған, - деп хабарлайды Uaqyt.info.

SABA GROUP KZ компаниясы тағы бір су жаңа баспананы пайдалануға берді. Ғажайып мекендегі пәтерлер аз уақыт ішінде сатылып кеткенімен, “Төлебаевтағы Центральный” - дан үй алғысы келетіндер үшін әлі де мүмкіндік бар. Қаланың элиталық ауданында орналасқан ғажап клубтық үйде 5 пәтер сатылымда тұрғанын айта кетейік.

  “Төлебаевтағы Центральный” жәй ғана көп пәтерлі тұрғын үй емес. Ондағы халық демалыс орындарын іздеп әуре болмайды.

Үй маңындағы аллеяға серуендеп, жасыл желегі бар, инфрақұрылымы әдемі ауласында демала алады. Су бұрқағы бар Альпі қалашығы, аллеялар, жасыл алаңдар әрбір жанға сөзсіз бақыт сыйлайтыны анық.

Тек ересектер ғана емес, балалар үшін де мұнда барлық жағдай жасалған. Клубтық үйдің ауласы әдемілігімен ғана емес, түрлі ойын алаңы, әткеншектерімен де тартымды.

Айта кетейік, SABA GROUP KZ  нарыққа 2013-ші жылы кірді.  Он бір жылда жоғары сапалы, жайлы 12 тұрғын үй кешенін салып үлгерген.

Жастарға қолайлы және арзан үй салу идеясынан басталған жоба бүгін де жалпыхалықтық сипатқа ие.

 

 

Ұсынылатын