Тоқаев 4 министрді қызметтерінен босатты
Uaqyt.info
![](https://uaqyt.info/storage/images/3DAq8gdK5hNp2QsFUvFW7bEQLZKPHuadkz2P1jGx.jpg)
Онда Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірқатар министрдің қызметінен кеткені айтылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.