Тоқаев Абай облысына келді
Алмас Абылай

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Сапар барысында Президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді және өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін алапат орман өртімен күрес қалай жүріп жатқанын жазған едік.