Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара байланыстарды нығайтуға белсенді саяси диалог және екі мемлекеттің үкіметтері мен парламенттері деңгейіндегі ықпалдастық септігін тигізетінін айтты. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстерінің іске қосылуын оң бағалады. Соның нәтижесінде бизнес-байланыстар мен туристік сапарлар айтарлықтай жандана түсті.
Тараптар перспективті бағыттардағы, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы қарым-қатынастарды одан әрі арттыру мәселесін талқылады.