Friday, 18 October,2024

Тоқаев балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Uaqyt.info
Фото Әділет Беремқұлов / Kazinform

Астанада ел Президенті атынан «Жаңа жыл республика төрінде» атты республикалық шырша мерекесі өтті. Мерекелік шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам бала қатысқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Айналайын балақай! Сені Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Осы тамаша мейрам өзіңді қуаныш пен шаттыққа бөлесін! Өмірің жарқын сәттерге толы болсын! Кітап оқы, спортпен шұғылдан, табиғатты аяла және жақсылық жасауға ұмтыл! Білімпаз, еңбекқор, адал азамат бол! Асқақ армандарың ақиқатқа айналсын! Саған зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!», - деп жазды Президент балаларға арналған құттықтауында.

Ұсынылатын