Saturday, 23 November,2024

Тоқаев Бразилия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Uaqyt.infо.

Бұл туралы Ақорда жазды.

Президент жеделхатында Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы маңызды әрі сенімді серіктесі екеніне назар аударып, дәстүрлі достық рухындағы ынтымақтастықтың ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы өзара байланыстың нығая түсетініне сенім білдіріп, Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, барша Бразилия халқына құт-береке тіледі.

 

 

Ұсынылатын