Saturday, 19 April,2025

Тоқаев Чех Республикасының Президенті Петр Павелге көңіл айту жеделхатын жолдады

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Прага қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Чех Республикасының Президенті Петр Павелге көңіл айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
 
– Прага қаласындағы Карлов университетінде болған жантүршігерлік қарулы шабуыл салдарынан көптеген отандастарыңыздың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте Чехия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын, ал зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Ұсынылатын