Friday, 26 April,2024

Тоқаев Эмомали Рахмонды күтіп алды

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Telegram-дағы Ақорда арнасы хабарлады.

Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Ұсынылатын