Sunday, 8 September,2024

Тоқаев Финляндия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Саули Ниинистёні және фин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Сіздің еліңіздің гүлденген мемлекет құру, жаһандық бейбітшілікті, климат мәселесін және орнықты даму мақсаттарын ілгерілету ісіндегі орасан зор жетістіктеріне сүйсіне қараймыз. Финляндия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесі. Сондай-ақ біз энергетика, инвестиция, «жасыл» өсім және басқа да көптеген сала бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз”, – делінген жеделхатта.

 

Ұсынылатын