- Басты жаңалықтар
- Саясат
- Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдады
Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдады
Uaqyt.info

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Telegram-дағы Ақорда арнасы жазды. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияның көрнекті мемлекет қайраткері, бұрынғы Премьер-министрі Сильвио Берлусконидің дүниеден өтуіне байланысты Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдағаны айтылған.
Мемлекет басшысы өз жеделхатында Сильвио Берлусконидің Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға орасан зор үлес қосқанын атап өтті.