Тоқаев Мәскеуге сапарлады
Алмас Абылай
Фото Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келді. Президент 25 мамыр күні өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Ақорда жазды. Дерекке сүйенсек Президент бүгін Мәскеуге ұшып барған. Онда "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" атты Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар форумға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысады. Әрі Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.