Тоқаев медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады
Алмас Абылай

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Медицина қызметкері күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді”, – деп жазды Президент.