Saturday, 27 April,2024

Тоқаев мешіт салғыш кәсіпкерлерді мектеп тұрғызуға шақырды

Uaqyt.info
Фото

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайырымдылықпен айналысып жүрген азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Елге жанашыр іскер азаматтар бізде де аз емес. Мұндай азаматтар қоғамға қажетті көптеген жобаға қаржы салып, игі істердің басы-қасында жүр. Қайырымдылық және волонтерлік бастамаларға демеушілік жасап келеді. Мемлекет те отаншыл азаматтарды өзгелерге үлгі етіп, оларға қолдау көрсетеді. Әрине, аймақтарда өз қаржысына мешіт салған кәсіпкерлердің ниеті түзу, оны түсінуге болады. Алайда жаңа мектеп, жатақхана, аурухана, кітапхана, мұражай немесе спорт сарайын тұрғызу әлдеқайда маңыздырақ. Мұның сауабы мол. Кейінгі ұрпақ та осындай игі істерге алғыс айтары анық”, - деді Тоқаев.

Ұсынылатын