Saturday, 27 July,2024

Тоқаев Мұхтар Тілеубердіні жаңа қызметке тағайындады

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Тілеуберді мен Данат Мұсаевты жаңа қызметтерге тағайындады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ақорда жазды.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Ұсынылатын