Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады
                     Uaqyt.info 
                     
  
                     
  
                
                 Фото Ақорда
                         Фото Ақорда
                                                        Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Ақорда жазды.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
 
             
                             
                             
                             
                             
                            


