Saturday, 18 May,2024

Тоқаев пен Әлиев бірқатар маңызы бар құжаттарға қол қойды

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев бірқатар құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Telegram-дағы Ақорда арнасы хабарлады.

Әзербайжан Президентінің Астанаға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасының «Отандастар қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Әзербайжан Республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы арасындағы Ғылыми ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

4. «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Әзербайжан мемлекеттік ақпарат агенттігі арасындағы Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум;

5. «Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Әзербайжан Республикасының Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;

6. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты мен Баку халықаралық мультимәдениеттілік орталығы арасындағы Ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы меморандум.

Ұсынылатын