Saturday, 23 November,2024

Тоқаев пен Халима Якоб келіссөздер жүргізді

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Тараптар Қазақстан мен Сингапур  арасындағы саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелеріне баса мән бере отырып, екі ел қатынастарының қазіргі жай-күйі мен перспективасын жан-жақты талқылады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Telegram-дағы Ақорда арнасы жазды.

“Сингапур Президентінің Орталық Азия елдерінің арасында ең әуелі Қазақстанға келуі – біз үшін зор мәртебе. Сіздің Қазақстанға сапарыңыз – тарихи оқиға. Бұл сапар біздің өзара тиімді ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенімдімін. Қазақстан Сингапурмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсуге ниетті”, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы және Сингапур Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Ал Сингапур Президенті Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді.

Ұсынылатын