Sunday, 24 November,2024

Тоқаев Қарағанды облысында өрт болған шахтаға келді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге келді, деп хабарлайды Uaqyt.info Ақордаға сілтеме жасап.

Бұған дейін "АрселорМитталТеміртау" АҚ-на қарасты шахтада болған өрт салдарынан 21 адам қайтыс болып, жиырмаға жуық адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын. Сонымен бірге, өрт кезінде шахтада 252 адам болып, оның 205-сі дер кезінде сыртқа шығарылған.

Қазіргі уақытта 21 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұсынылатын