Тоқаев Қазан қаласына барды
Uaqyt.info

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 ақпан күні Қазан қаласында өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен баратынын жазған болатынбыз.
Аталған іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.