Sunday, 8 September,2024

Тоқаев Қазақстан құтқарушыларын кәсіби мерекемен құттықтады

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Мемлекет басшысы Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Өз құттықтауын Президент әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін!” – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұсынылатын