Monday, 16 September,2024

Тоқаев Қазақстанның Аустриядағы елшісі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Аустриядағы елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалған Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ақорда жазды.

Кездесу барысында Президент Аустриямен және Венадағы салалық халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатқа Қазақстанның серіктес мемлекеттермен екіжақты және көпжақты форматтағы өзара қарым-қатынастарын нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұсынылатын