Sunday, 8 September,2024

Тоқаев Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

“Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін”, – деп жазылған жеделхатта.

Ұсынылатын