Тоқаев Ресей Президентінің шақыруымен Санкт-Петербург қаласына барды
Uaqyt.info
Фото Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.