Saturday, 18 May,2024

Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркиядағы президент сайлауының бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Telegram-дағы Ақорда арнасы хабарлады.

Президент әңгіме барысында парламенттік сайлауда Әділет және даму партиясы бастаған республикалық альянстың жеткен жетістігін атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстан мен Түркия президенттері бауырлас екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Ұсынылатын