Thursday, 19 September,2024

Тоқаев Сауд Арабиядағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барды

Алмас Абылай
Фото Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында президент Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ақорда жазды. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталғаны айтылады.

"Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады. Қазақстан Президентінің келуіне орай оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Жидда қаласында өтетін «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.

Ұсынылатын