Thursday, 19 September,2024

Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ақорда жазды.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің екі ел арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, тату көршілік және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарастырды.

Ұсынылатын