Saturday, 23 November,2024

Тоқаев Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шекарадағы жағдайды ретке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ақорда жазды. Онда Президенттің Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырғаны жазылған.

Сондай-ақ тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу мәселесі бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екені атап өтілді.

Ұсынылатын