Friday, 3 May,2024

Тоқаев Жәнібек Әлімханұлын жарқын жеңісімен құттықтады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді техникалық нокаутпен жеңіп, WBO және IBF санаты бойынша орта салмақта екі белбеуді иеленген Жәнібек Әлімханұлын құттықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтаймын. Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!», -  деп жазды Тоқаев.

Ұсынылатын