Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді
Uaqyt.info

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Сапар аясында Президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады.