Saturday, 5 October,2024

Тоқаев Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Президентке Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың айтуынша:

аймақ экономикасының барлық негізгі саласының дамуында оң үрдіс сақталып отырғанын айтты. Облыстағы өндіріс көлемі 5,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 1,7 пайызға ұлғайған. Ал сауда мен құрылыс салаларының даму көрсеткіштері 1,6 есе өсті. 198,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,2 пайызға көп;

облыс экономикасына 213,9 миллиард теңге инвестиция тартылған, соның ішінде жеке инвестициялар 15,7 пайызға көбейді;

облыстың өнеркәсіп өндірісінде 533 кәсіпорын жұмыс істейтінін, онда 26,6 мың адам еңбек етіп жатқанын жеткізді;

өндіріс көлемі 230,1 миллиард теңгені құрады. Биыл жалпы құны 46,9 миллиард теңге болатын 14 нысанды іске қосу жоспарланған;

ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,7 пайызға өскен. Оның ішінде егін алқабы 1,9 мың гектарға ұлғайған, ал қант қызылшасын өсіретін жер көлемі 2 есе артып, 8,7 мың гектарға жеткен;

Ақсу қант зауытына толық жөндеу жүргізіліп, іске қосылғаны туралы айтты. Көксу қант зауыты 70 мың тонна қант өндірген. Бүгінде екі қант зауыты 280 шаруашылықтан 205 мың тоннадан астам шикізат қабылдаған. Оның 56 мың тоннасы өңделіп, 7 мың тонна қант алынған;

облыста су жүйесін қайта жаңарту және салу үшін 22 жобаның іске асырылып жатқаны туралы баяндалды. Ал 22 елді мекен, соның ішінде Талдықорған қаласына газ құбыры тартылып, 288 мың адам көгілдір отынмен қамтылған. Биыл 20 елді мекенде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын