Тоқаевтың өкімімен Бас Прокурордың орынбасары тағайындалды
Uaqyt.info

Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұрын бұл қызметте болған Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылған еді.