Saturday, 23 November,2024

Төреғали Төреәлі қызының сырқатына байланысты отбасымен Қызылордаға қоныс аударды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі әнші Алматыдан Қызылордаға қоныс аударды. Онда Төреғали Төреәлі қызы Кәусарды емдетпек, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Төреш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

"Менің үлкен қызым Кәусар 6 айлығында, шалабай боп дүниеге келген. Біз кішкентайынан бастап, әлі күнге дейін ем алып келеді. Қытайдың бірнеше қаласында ем алдық. Қызылордада ем қабылдадық, енді осында тағы келіп отырмыз. Өйткені бұл жерде нәтиже жақсы болып жатыр", - деді Төреғали Төреәлі.

Ал әншінің әйелі қызының денсаулығына байланысты Қызылордаға қоныс аударғандарын жеткізді.

"Алланың қалауымен 1-2 рет Алматыдан орталық ашамыз деп ниеттендік, бірақ нәтижесіз болды. Одан қатты көңіл-күйім түсіп жүргенмін. Ал қазір Алланың даналығын түсініп, көзіме еріксіз жас келді. Қызылорда қаласына Алланың қалауымен Кәусарымызды емдеуге көшіп келдік. Мен орталық ашуды қалап жүргенде, Алла ол орталықты көзімізге көрсетіп, сол орталықтан нәтиже беріп жатыр", - дейді Толқын.   

Ұсынылатын